28
қараша
2025
“Низамхан” орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
“Низамхан” орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
2025 жылдың 27 қараша күні “Низамхан” орта мектебінде білім беру сапасын арттыру және тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін нығайту мақсатында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. І тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы:
Оқу үлгерімі, оқушылардың қатысуы, білім сапасы және пәндер бойынша жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.
2. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шаралары:
Оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және ата-аналардың профилактикалық жұмыстағы рөлі туралы ақпарат берілді.
3. Ұлдар мен қыздар бағытындағы тәрбие жұмысы:
Жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін тәрбиелік бағдарламалар мен мектептің жоспарлы іс-шаралары таныстырылды.
4. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны:
Оқушылардың виртуалды ортада қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдалануды бақылау, онлайн тәуекелдердің алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында Шымкент қаласы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Халилаева Райхан Жахановна ата-аналарға арналған мазмұнды практикалық тренинг өткізіп, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті, ата-ананың баламен дұрыс диалог орнатуы, жасөспірім психологиясының ерекшеліктері жөнінде пайдалы кеңестер берді.
Ата-аналар жиналысы өзара тиімді пікір алмасумен жалғасып, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар талқыланды.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/1814bedBpv/
