ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №1 » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
тамыз
2025

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №1

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №1
Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 26 тамыз күні №1 Педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
Педагогикалық кеңестің мақсаты:
Мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін таныстыру.
Күн тәртібінде:
1. Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары
1.1. мектепте 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
1.2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы.
1.3. Жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу туралы.
1.4. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлау мен жүзеге асыру.
2. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары.
2.1. 2025–2026 оқу жылына педагогикалық кеңестің құрамын қалыптастыру, жұмыс жоспарын бекіту.
2.2. Мектептің мемлекеттік аттестация аясындағы өзін-өзі бағалау қорытындылары.
2.3. 2025–2026 оқу жылына мектептің жылдық жұмыс жоспарын және оқу-тәрбие жұмысы жоспарын бекіту.
2.4. Оқу жоспарын, календарлы-тематикалық жоспарларды, элективтік курстар мен факультативтер бағдарламаларын бекіту; сабақ кестесін мақұлдау.
2.5. Педагогтердің оқу жүктемесін, тарификациясын, кабинет меңгерушілерінің жүктемесін бекіту.
2.6. «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбие жұмысы жоспарын бекіту.
2.7. 2025–2026 оқу жылына сынып жетекшілерін тағайындау.
2.8. Мектепішілік бақылау жоспары мен әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту.
2.9. Мектептік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерін бекіту және жұмыс жоспарларын мақұлдау.
2.10. Педагогтарды аттестаттау перспективалық жоспары мен біліктілікті арттыру курстарының кестесін бекіту.
2.11. Жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
2.12. 2025–2026 оқу жылына арналған үйірме, қосымша білім бағдарламаларының тізімі, педагогтар құрамы, жоспар мен жүзеге асыру шарттарын бекіту.
2.13. Мектеп әкімшілігінің функционалдық міндеттері мен әкімшілік кезекшілік кестесін бекіту.
2.14. Мектепішілік есеп тізімінде тұрған оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу шаралары.
2.15. Цифрлық платформалармен (Kundelik.kz, НОБД) жұмыс ұйымдастыру, электрондық журналдарды дұрыс толтыру және оқушылар деректер базасын жүргізу.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі
3.1. Санитарлық нормаларды сақтау, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.
3.2. Оқушылар тамағын ұйымдастыру.
3.3. Локалды нормативтік актілерді бекіту, мектептің 2025–2026 оқу жылындағы қызметін реттеу.
3.4. Түрлі мәселелер (ұсыныстар, бастамаларды талқылау, ұйымдастырушылық сұрақтар).
 кеңес барысында мұғалімдеріміз білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, сондай-ақ тәрбие жұмысының тиімділігін талқылады.

Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/19uyKmSRCx/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив