Ата-аналар жиналысы » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2025

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы
Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 05 қыркүйек күні 2025–2026 оқу жылының басталуына орай жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – жаңа оқу жылындағы басты бағыттармен таныстыру, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1) 2025–2026 оқу жылының басталуы – А.Ю. Абдрахимов
2) Мектептің ішкі тәртіп ережелері – А.М. Асубаева
3) Міндетті мектеп формасы – А.М. Асубаева
4) 2025–2026 оқу жылындағы қосымша білім беру – С.Н. Нифталиева
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – М.М. Бибатырова
6) Асхана жұмысы, ас мәзірі және ыстық тамақ жайлы – мектеп директоры Ю.С. Корбан
7) Аттестация алдындағы өзін-өзі бағалау – мектеп директоры Ю.С. Корбан
8) Ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау
 Жиналыс барысында ата-аналарға өзекті мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріліп, сұрақтарға жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің жаңа төрағасы Халходжаева Ш. сайланды.
 Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.2025 жылдың 5 қыркүйек күні



Сілтеме:https://www.facebook.com/share/p/17HbkhcMbL/














Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив