"Низамхан " орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы кезектен тыс ата - аналар жиналысы » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Низамхан " орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы кезектен тыс ата - аналар жиналысы
11
қыркүйек
2024

"Низамхан " орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы кезектен тыс ата - аналар жиналысы

"Низамхан " орта мектебінде   2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы кезектен тыс ата - аналар жиналысы өткізілді.
  Күн тәртібінде: 
1. Жаңа 2024-2025 оқу жылына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар.
 Жиынды мектеп директорының тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары А.М.Асубаева ашып, ата-аналарды күн тәртібімен таныстырды. 
                  Ата-аналарға «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы толық мағлұмат берілді.
    2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:
✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;
✅2) Қыздардың мектеп формасы:  қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
✅3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ  футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.
✅4)Мектеп формасына түрлі ❌  діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌❌❌

                     
        
                                       
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив