«PIRLS - 2026» халықаралық зерттеу
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-де «PIRLS - 2026» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының хатына сәйкес, 2026 жылғы 01–15 сәуір аралығында PIRLS–2026 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңін ұйымдастыру мақсатында 2026 жылғы 03 сәуір күні «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-де «PIRLS - 2026» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өткізілді.
Зерттеу барысында мектеп директоры, сынып жетекшілері мен ата-аналардың сауалнамадан өтуі қамтамасыз етілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан дайындық жұмыстары (кабинеттерді дайындау, интернет желісімен қамтамасыз ету, оқушылардың толық қатысуын ұйымдастыру) талапқа сай деңгейде жүргізілді.
Тестілеу белгіленген талаптарға сәйкес, бекітілген нұсқаулық негізінде өткізілді. Өткізу барысында тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ. Оқушылар тапсырмаларды толық орындады.
