Ата- аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата- аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді.
22
мамыр
2025

Ата- аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді.

Шымкент қаласы "Низамхан" орта мектебі 2025 жылдың 19 мамыр күні  ата- аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылын аяқтау.
2. 9,11 сыныптардың қорытынды мемлекеттік емтихандары.
3. 5-8, 10 сыныптардың аралық бақылау емтихандары.
4. 11 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын.
5. Жазғы демалысты ұйымдастыру.
6. Әр түрлі мәселелер.
Жиналысты мектеп директоры Ю.С.Корбан ашып беріп күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. 
Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ю.Абдрахимов ата- аналарды Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 06 мамыр күні / 265 н/қ бұйрығымен таныстырды. 9, 11 сыныптардың қорытынды мемлекеттік емтихандарының талаптары мен ережелерін, кестесін таныстырды.
Директор тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Асубаева ата- аналарды 11 сыныптарға арналған "Мектебім, саған мың алғыс" атты салтанатты жиынның өтілу тәртібімен, мектептің 2025 жылдың 12 мамыр / 46 бұйрығымен таныстырды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы /410 V Заңын орындау мақсатында бітіруші сыныптардың салтанатты жиынға, мектепке, мұғалімдерге сыйлық алуға қаражат жинауға мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң тыйым салынатындығын  айтты. 
Жазғы демалыс кезінде баланың өмір қауіпсіздігіне ата - ана тікелей жауапты екендігі ескертілді.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/p/17LykCMtti/

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив