24
мамыр
2025
2024-2025 оқу жылының 11 сынып оқушыларына арналған "Мектебім, саған мың алғыс" атты салтанатты жиын өтті.
Шымкент қаласы "Низамхан" орта мектебі 2025 жылдың 23 мамыр күні 2024-2025 оқу жылының 11 сынып оқушыларына арналған "Мектебім, саған мың алғыс" атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Н.Қорғанбаева қатысып, мектеп ұжымына, бітіруші түлектерге өзінің ыстық лебізін білдірді. Мектеп директоры Ю.С. Корбан 11 сынып бітірушілерге сәт сапар тілеп, алдағы үлкен өмірге тұлға болып қалыптасып, Адал Азамат болуға шақырды.
Мектеп алаңына шыққан 11 сынып бітірушілер ұстаздарына арналған алғыстарын жеткізсе, сынып жетекшілері шәкірттеріне ақжолтай тілектерін білдірді.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/15jXjpyUHR/Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.