28
қараша
2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты әдеби кеш
"Низамхан" орта мектебінде 2024жылдың 28 қараша күні, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың 100жыл толуына орай "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш барысында оқушылар би билеп, Бердібек Соқпақбаевтың өлеңдері мен жазушыға арнау өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жасанды интеллект арқылы көрермендерге сұрақтар қойылып, жауап берген көрермендерге сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, қаламгердің "Балалық шаққа саяхат" шығармасынан "Менің атым Қожа" кинофильмінен үзінділер алынып, сахналық қойылымдар көрсетілді. 5 "ә" сынып оқушылары "Туған ел" хорымен аяқтады. Белсенді қатысқан оқушылар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.


