Денсаулық — басты байлық! » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қаңтар
2026

Денсаулық — басты байлық!

 Денсаулық — басты байлық!
І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде Халық денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу мақсатында ұлттық бағдарламалар аясында мазмұнды, тағылымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 «Сақтандыру. Қорғау. Екпе егу» ұлттық бағдарламасы
ЖРВИ, тұмау және пневмококтық инфекциялардың алдын алуға бағытталған бұл бағдарлама аясында иммунолог дәрігер Н.Т. Жакипов профилактиканың маңыздылығына тоқталып, екпе егудің адам денсаулығын қорғаудағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұқпалы аурулардың алдын алып, қоғамда иммунитетті нығайту.
 «Қауіпсіз өмір» ұлттық бағдарламасы
Жарақаттың барлық түрлерінен сақтандыруға арналған бұл бағдарлама барысында дәрігер-хирург А.Т. Исаев қауіпсіздік ережелерін сақтау, тұрмыста және қоғамдық ортада жарақаттанудың алдын алу жолдары жөнінде маңызды ақпарат берді. Бағдарламаның басты мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.
 Осындай ұлттық бағдарламалар халықтың медициналық сауаттылығын арттырып, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/1AKpYh5AJN/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив