"Балалар және театр" жобасы 1 "Г" сыныбының балаларының қатысуымен «Үйшік» ертегісі сахналанды. » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалар және театр" жобасы 1 "Г" сыныбының балаларының қатысуымен «Үйшік» ертегісі сахналанды.
16
мамыр
2025

"Балалар және театр" жобасы 1 "Г" сыныбының балаларының қатысуымен «Үйшік» ертегісі сахналанды.


Шымкент қаласы, "Низамхан" орта мектебінде "Балалар және театр" жобасы аясында 15.05.2025 күні 1 "Г"  сыныбының балаларының қатысуымен «Үйшік» ертегісі сахналанды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, көрермендерге өз өнерлерін көрсетті.  
«Үйшік» ертегісінің мақсаты – балаларға достық, ұйымшылдық, мейірімділік, өзара көмек, бірлік сияқты адами құндылықтарды үйрету.                                                                                                                                               Ертегі мазмұны бойынша орманда жалғыз тұрған үйшікке әртүрлі жануарлар келіп, бір-біріне орын беріп, тату өмір сүруді үйренеді. Бұл ертегі балаларға достық пен бірліктің маңызын түсіндіреді.
Іс-шара барысында:
Балалар өз рөлдерін мәнерлеп, сенімді орындады;
Қимыл-қозғалыс, мимика, дауыс ырғағы арқылы кейіпкер бейнесін ашты;
Ата-аналар мен ұстаздар тамашалап, жоғары баға берді.
Іс-шара өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор болып өтті. Балаларға ертегі әлеміне ену үлкен әсер қалдырды. Бұл олардың сөйлеу мәдениетін, сахналық шеберлігін дамытып, ұжыммен жұмыс істеуге баулыды.
 
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив