28
қараша
2025
“Ұлт үшін туған ұлы тұлға” атты қорытынды кеш
ЖШС “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 28 қараша күні “Ұлт үшін туған ұлы тұлға” атты қорытынды кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлт зиялыларының өмірі мен еңбегін дәріптеу, оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.
Бағдарлама барысында:
• патриоттық бағыттағы қазақша би нөмірі көрсетілді;
• Міржақып Дулатовтың шығармашылығынан қара өлеңдер оқылды;
• Алаш көсемдерінің өмір жолына арналған сахналық көрініс қойылды.
Кеш мазмұнды және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың ұлттық тарих пен рухани мұраға деген қызығушылығын арттырды.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1ButcP1i3B/
