26
қараша
2025
«Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көрсетілімі»
«Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көрсетілімі»
“Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 25 қараша күні 5–7-сынып оқушыларына қазақ зиялысы, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларды ұлттық тарихтың маңызды тұлғаларымен таныстыру, олардың елдік мүдде жолындағы қызметін терең түсіндіру, жас буынның тарихи санасын қалыптастыру.
Деректі фильм барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың бала кезеңі, ағартушылық жолға келуі, қоғамдық-саяси қызметі, «Оян, қазақ!» еңбегінің шығу тарихы және оның қазақ қоғамына тигізген ықпалы туралы жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен бірге Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі мен жаңғыруы жолындағы күресі кеңінен баяндалды.
Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойымен бөлісіп, ұлт ұстазының ел болашағы үшін атқарған еңбегіне құрметпен қарау қажеттігі туралы пікір алмасты.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/1FnhPoTJAX/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.