Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл
28
қараша
2025

Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл

“Низамхан” орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында 2025 жылдың 25 қараша айында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.Ж.Камбарова мен М.С. Сүйінбай  7-8 сынып оқушылары арасында поэзия кешін өткізді.
Кештің мақсаты-оқушылардың ұлттық сана-сезімін көтеру, тарихқа деген қызығушылықтарын нығайту. Алаш қайраткерлеріне құрмет сезімін қалыптастыру.
Кеш барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың бала кезеңінен бастап, ағартушылық жолға келуі, қоғамдық-саяси қызметі, «Оян, қазақ!» еңбегінің шығу тарихы және оның қазақ қоғамына тигізген ықпалы туралы жан-жақты танысты. Сонымен бірге Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың шығармалары мен өлеңдерін жатқа айтып, “Оян қазақ” атты поэзия кешінде алаш қайраткерінің өмір жолы, қоғамдық қызметі, әдеби мұрасы туралы оқушылар жан-жақты білім алды.

Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1FTQXhHYcM/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив