“Ел есінде – ер есімі!” » «Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС
«Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,
Жансугіров көшесі,10
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)77-90-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қараша
2025

“Ел есінде – ер есімі!”

“Ел есінде – ер есімі!”
 Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 17-21 қараша аралығында Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған апталық өтті. 
Кеңес Одағының Батыры, белгілі ғалым, педагог, ұлт қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына орай мектебімізде бірқатар тәрбиелік, танымдық шаралар ұйымдастырылды.
 Іс-шаралар жоспары:
 «Мәлік Ғабдуллин – ерлік пен білімнің үлгісі» дөңгелек үстел
– Батырдың өмір жолы, ерлік қадамдары мен ғылыми еңбектері талқыланады.
 «Мәлік Ғабдуллин – Ұлы Отан соғысының қаһарманы» ашық сабақ
– Оқушылар батырдың соғыс жылдарындағы ерлігін тарихи деректер арқылы зерделейді.
 «Ел қорғаған ер Мәлік» интеллектуалды ойыны
– Батыр өміріне қатысты танымдық сұрақтар арқылы оқушылардың білімі мен қызығушылығы артады.
 «Батыр Мәлік Ғабдуллин» деректі фильмін тамашалау
– Батыр тұлғасы мен ерлік жолын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.
 Дебат: «Мәлік Ғабдуллин – 110 жыл»
– Мәліктің ерлік мұрасы және оның қазіргі ұрпақ үшін маңызы жөнінде пікірталас.
 Бұл іс-шаралар жас буынға үлгі боларлық батырдың өмірін дәріптеуге, патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған.

Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1At5ngmgk1/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив