16
қаңтар
2026
“Өмір қауіпсіздігің – болашақ тірегің” тақырыбында ұлдар жиналысы
Шымкент қаласы, “І. Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі” ЖШС-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында
“Өмір қауіпсіздігің – болашақ тірегің” тақырыбында ұлдар жиналысы өтті.
Жиын барысында өмір қауіпсіздігін сақтау, жеке жауапкершілік, тәртіп пен заңға бағыну, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау, саналы шешім қабылдау жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Аталған іс-шара жасөспірім ұлдардың бойында жауапкершілік, сақтық және азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/17T26SA1dp/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.