16
қаңтар
2026
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ!
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ!
Шымкент қаласы, «І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» жобасы негізінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынның басты мақсаты – әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, ата-аналармен бірлесе отырып баланың қауіпсіз болашағын қалыптастыру. Кездесу барысында баланың өмір қауіпсіздігін сақтау, жеке жауапкершілік, тәртіп пен заңға бағыну, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушылардың өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауы, саналы шешім қабылдауы туралы маңызды ақпараттар беріліп, ата-аналар тарапынан өзекті сұрақтар талқыланды.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, жауапты әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/17sAQHeU7f/
