01
қыркүйек
2025
Мектебім – мейірім мекенім!
Мектебім – мейірім мекенім!
Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай “Мектебім - мейірім мекенім” тақырыбында 1, 11 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті.
1 қыркүйек – Білім күні, біз барша мектеп қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
“Низамхан” орта мектебі – тек білім ошағы ғана емес, сонымен бірге мейірім мен достық мекені. Мұнда әрбір бала өзінің дарындылығын дамытып, қауіпсіз әрі жылы ортада өсуге мүмкіндік алады.
Осы оқу жылында біз:
Жаңа білімге қадам басамыз
Достық пен бірлікті нығайтамыз
Жеке қабілеттерімізді шыңдаймыз
Барша оқушыларға табысты оқу жылын тілейміз! Мектебімізде әр күн – жаңа мүмкіндіктер мен қуанышқа толы болсын!


