10
мамыр
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектепішілік дебат турнирін өтті.
Шымкент қаласы «Низамхан» орта мектебінде, 2025 жылы 8 мамыр күні
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектепішілік дебат турнирін өтті. Турнирдің мақсаты: оқушылардың Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, қастерлеуге үйрету. Турнирге 6 фракция қатысты.
1.Іріктеу қарары:
БП «Жеңісті тек майдангерлер емес, тыл еңбеккерлері де жасады».
2.Финал қарары:
БП «Бұл Үкімет, жастар арасындағы патриотизмді арттыру үшін соғыс батырларының бейнелерін пайдалануды орынды деп санайды».
І орын 9 "Е" сынып оқушылары: «Тастүйін» фракциясынан Рахман Аруна мен Төлеген Ұлжан.
ІІ орын 9 "Ә" сынып оқушылары: «Талпын» фракциясынан Абдулла Аяжан мен Бексары Шұғыла. «Ең үздік спикер» Рахман Аруна «Үздік спикер» Бексары Шұғыла иеленді.


