14
мамыр
2025
8- 10 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта "Прокурор сағаты"
ПРОКУРОР САҒАТЫ
Шымкент қаласы "Низамхан" орта мектебі 2025 жылдың 14 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының 2025 жылдың 13 мамыр күнгі /1426 шығыс хатына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 8- 10 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Прокурор сағаты" өткізілді.
Оқушыларға арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.
Жиынға:
- Сәрсен Құранбек Абайұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
- Байгозиев Бахытжан Тастемірұлы - «Қоғамдық мүдделерді қорғау» басқармасының бастығы.
- Карбеков Бауыржан Қанатұлы - Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры.
- Ордабек Рауан Нұрлыбекұлы Шымкент қаласы Мемелекеттік өртті бақылау басқармасының бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны.
- Гульмира Истанбекова Басқарама аға прокуроры.
- Төлеген Жандаулет психологиялық қолдау орталығының директоры.
- Әлжан Аружан Русланқызы - “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары.
- Біржан Жақып – олимпиада чемпионы.

