06
қараша
2025
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кездесу
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кездесу өтті
«Низамхан» орта мектебінде жастар арасында дiни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралу себептері мен оның алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, теріс діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіру, сондай-ақ діни иммунитет пен позитивті дүниетанымды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге
Д.Т. Кенжетай — Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың аға оқытушысы, теология ғылымдарының PhD докторы
С.Е. Сейітхан — теолог маман
қатысып, оқушыларға маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, радикалды идеологияның белгілерін танып білу және одан қорғана алу бағытында нақты мәліметтер берілді.
Оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды
Ұлттық құндылықтар мен зайырлы қоғам ұстанымдары туралы кеңінен мағлұмат берілді
Деструктивті діни ағымдардың белгілері мен зардаптары түсіндірілді
Осындай профилактикалық шаралар жас ұрпақтың санасын теріс идеологиядан қорғауда маңызды рөл атқарады.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/p/1FmwE3ESK2/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.