23
қыркүйек
2024
«Низамхан» орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс
2024 жылдың 23 қыркүйегінде «Низамхан» орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Асубаева мен А.Камбаров мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Мектептің педагог - психологы З.Махамедова жасөспірімдерге "Құқықбұзушылықтың алдын - алуда психологиялық қолдау бағдарламасы" тақырыбында тренинг өткізді.
