02
ақпан
2026
«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары
Профилактикалық кеңес өтті.
І. Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бухарбаев Самат Сағындықович, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ КПБ жедел уәкілі, полиция майоры Ташибеков Мұхтар Талғатұлы, Әл-Фараби АПБ КПБ жедел уәкілі, полиция капитаны Қошай Дидар Ержанұлының қатысуымен 7-9 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кеңес ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу”, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі!
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1CPZ2BgFGN/

