11
қараша
2025
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарындағы тәрбие бағыттары бойынша ұлдар жиналысы
Шымкент қаласы, “Низамхан” орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарындағы тәрбие бағыттары бойынша ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушылардың жауапкершілік мәдениеті, тұлғалық тәртіп нормалары, мектеп ережелерін сақтау, әдептілік және өзара сыйластық мәселелері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің бойында азаматтық ұстаным қалыптастыру, тәртіп пен мәдениетті нығайту, мектеп ортасында жағымды ахуал құру.
Ұлдармен ашық пікір алмасу өтіп, олар өз ойларын еркін жеткізіп, ортақ мәселелерді бірге талқылады. Жиналыс нәтижесінде оқушыларға тәртіптік талаптар түсіндіріліп, күнделікті жүріс-тұрыста жауапкершілікпен әрекет етуге шақырылды.
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.