04
қараша
2025
«Күзгі каникулда кітап оқимыз» акциясы
«Күзгі каникулда кітап оқимыз» акциясы
“Низамхан” орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Күзгі каникулда кітап оқимыз» атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ой-өрісін дамыту және демалыс күндерін тиімді өткізуге жағдай жасау.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі жанрдағы көркем әдебиеттерді талқылап, өздері оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасты. Мұндай бастамалар балалардың рухани дамуына, оқу мәдениетін қалыптастыруға және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
Кітап – білімнің қайнар көзі!
Барша оқушыларға қызықты кітаптар әлемінде сәтті саяхат тілейміз!
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/17u4Jc2unB/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.