22
қыркүйек
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Низамхан» орта мектебі
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани дамуына ықпал ету.
Оқу барысында әр сыныптың оқушылары өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап, қызыға оқыды. Кейбір сыныптарда оқушылар кітаптағы мазмұнды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар балалардың сөздік қорын байытып қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілетін шыңдайды.
«Кітап – білім бұлағы» демекші, жүйелі түрде өткізілетін оқу сағаттары жас ұрпақтың бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, болашақта білімді де білікті тұлға болып өсуіне жол ашады.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/1CKvvC2F6t/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.