14
қыркүйек
2025
«Жолда жүру ережесі – қауіпсіздіктің кепілі»
Сынып сағаты: «Жолда жүру ережесі – қауіпсіздіктің кепілі»
Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдық қыркүйек айының бірінші аптасында оқушыларымызбен жолда жүру ережелері жайлы сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам сигналдары, жолдан дұрыс өту тәртібі түсіндірілді.
Оқушылар бейнероликтер көріп, түрлі жағдаяттарды талқылады.
Топтық жұмыс арқылы жолда қауіпсіз жүріп-тұрудың маңызын ұғынды.
Әр бала өз пікірін айтып, алған білімін күнделікті өмірде қолданудың қажеттігін түсінді.
Балалардың қауіпсіздігі – барлығымыздың ортақ міндетіміз!
Ережені білу – қауіпсіздікке бастар жол!
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/169msKfjjM/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.