04
қыркүйек
2025
Темір жол – қауіпті аймақ!
Темір жол – қауіпті аймақ!
Шымкент қаласы “Низамхан” орта мектебінде 2025 жылдың 04 қыркүйек күні Шымкент ст ЖПБ-ның ППВ-ның командирі полиция капитаны С.Қадыров 8-11 сынып оқушыларына “Темір жол - қауіпті аймақ” тақырыбында құқықбұзушылықтардың алдын алу және тыйым салынған заттарды, яғни қару оқ дәрілер, кастеттерді алып жүрудің жауапкершілігі туралы дәріс өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға:
Темір жол маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Рельстерден өту кезінде сақтық шаралары айтылды
Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары көрсетілді
Есіңізде болсын:
– Темір жолда ойнауға болмайды
– Арнайы жолдан ғана өту керек
– Қауіпсіздік – өз қолыңызда!
Әрқашан тәртіпті сақтап, өз өміріңізді қорғаңыз!
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/p/1B1UbGmVqB/

