Өрт қалқаны – мектептің өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Ол өрт шыққан жағдайда алғашқы сөндіру құралдарын сақтауға және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жедел әрекет етуге арналған. Өрт қалқанында мыналар орналасқан: * өрт сөндіргіштер; * құм салынған жәшік; * шелек пен күрек; * багор (ілмек таяқ); * балға немесе сынық темір; * өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Өрт қалқаны мектеп аумағында көзге көрінетін әрі қолжетімді жерде орнатылған. Ол өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және жауапты тұлғалар тарапынан тұрақты түрде тексеріліп отырады. Өрт қалқанының болуы мен жарамды күйде ұсталуы өрттің алдын алуға, оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
|