09
желтоқсан
2025
«Низамхан» орта мектебінде профилактикалық кеңес өтті
«Низамхан» орта мектебінде профилактикалық кеңес өтті
2025 жылдың 09 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті.
Шараға Әл-Фараби аудандық жасөспірімдер полиция басқармасының майор-капитан Д.А. Искакова және П. Маймакова қатысып, оқушыларға құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың салдары, сондай-ақ пиротехниканы (пиротехникалық құрамдар мен оларды қолданудың зияндары) туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1AZrduLMAh/



