27
қаңтар
2026
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
І. Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Рейд барысында оқушылардың қауіпсіз жүріп-тұруы, мектеп аумағындағы тәртіп ережелерінің сақталуы және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/183iSxxeYi/
