21
қараша
2025
2-сынып оқушыларымен педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыс жоспары
“Низамхан” орта мектебінде 2-сынып оқушыларымен педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыс жоспарына сәйкес Пип Уилсон «Ағаш үстіндегі адам» әдістемесі алынды.
Мақсаты:
Оқушылардың эмоционалдық жағдайын, сыныптағы өзіндік орнын, өзіне деген көзқарасын және сынып ішіндегі әлеуметтік қатынастарын анықтау.
Өткізу барысы:
2-А сынып оқушыларына ағаштың үстінде әртүрлі қалыпта орналасқан адамдардың суреті ұсынылды.
Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беру тапсырылды:
1. Қай адам сізді білдіреді?
2. Қай адам болғыңыз келеді?
3. Кім өзін жақсы сезініп тұр?
4. Кімге көмек керек?
5. Кім көмектесіп тұр?
1. Эмоционалдық күйі:
Көпшілік оқушылар ағаштың орта тұсындағы немесе жоғарғы жағындағы адамдарды таңдады. Бұл – эмоциялық тұрақтылық, белсенділік, өзін ортада сенімді сезіну деңгейінің жеткілікті екенін көрсетеді.
Төменгі немесе жердегі адамды таңдаған бірнеше оқушы шаршаңқылық, төзімсіздік, төмен белсенділік сезінуі мүмкін.
2. Өзіндік бағалау:
Ағаштың жоғары бөлігіндегі адамдарды таңдаған оқушыларда өзіне сенімділік, мақсатқа ұмтылу байқалады.
Төменгі бөлікті таңдаған оқушыларға қолдау, мотивацияны арттыру, сенімділікті дамыту ұсынылады.
3. Сыныптағы әлеуметтік қатынас:
Бір-бірін ұстап тұрған немесе көмектесіп тұрған бейнелерді таңдаған оқушыларда достық, ұжымшылдық, қарым-қатынасқа бейімділік жоғары.
Жеке тұрған немесе шалғайды таңдағандар тұйықтық, қорғану, өз орнын табудағы қиындықтардың белгісі болуы мүмкін.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/r/1AReNWpLQk/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.