21
қазан
2025
«Желідегі қауіпсіздік» флешмобы
«Желідегі қауіпсіздік» флешмобы
“Низамхан” орта мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылғы 21 қазандағы №3013 шығыс хатына сәйкес «Желідегі қауіпсіздік» атты флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, кибербуллингтің алдын алу және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту болды.
Флешмобқа мектеп оқушылары белсене қатысып, ақпараттық сауаттылық пен желідегі этиканы сақтау жөнінде өз ойларын бейнеролик, сурет және ұран түрінде жеткізді.
Қауіпсіз интернет – саналы ұрпақ таңдауы!
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/1D9RPziBcj/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.