17
қазан
2025
0–11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік «Алтын түлек» олимпиадасы
2025 жылдың 17 қазан күні Шымкент қаласындағы «Низамхан» орта мектебінде 10–11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік «Алтын түлек» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару шеберліктерін көрсетті.
Нәтижесінде 10-сыныптан жоғары ұпай жинаған 3 оқушы мен 11-сыныптан 3 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.
Математика пәні — оқушының зердесін ашып, ойлау қабілетін дамытатын, табандылық пен ізденісті талап ететін ғылым. Мұндай сайыстар жас буынның білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін шыңдайды.
Сілтеме:https://www.facebook.com/share/v/185wE6Q5p7/
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.